Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Түркістан облысы білім басқармасының, Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Жамбыл атындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп бітіру іс-шаралары қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан қандай да бір мақсатта ақша жинауға қатаң тыйым салынатынын ескертеміз.

Мектеп бітіруші түлектеріміздің рұқсатсыз іс-шаралар ұйымдастырмауын және заң талаптарына қайшы келетін қаржы жинауға жол бермеуін сұраймыз. Төмендегі ескертпелерді назарда ұстауларыңызды өтінеміз:

▶️Мұғалімдерге сыйлық беру – міндетті емес

▶️Материалдық сыйлықтар беру – заңға қайшы

▶️Ұстаздарға ең құнды сый – құрмет пен алғыс

▶️ Баршаға бірдей әділдік қағидатын сақтау

▶️ Мұғалімдерді ыңғайсыз жағдайға қалдырмау

▶️ Ата-аналар комитеті арқылы да ақша жинамау

▶️ Мерекені материалдық құндылықтармен өлшемеу

▶️ Балаларға дұрыс үлгі көрсету

▶️ Мектептің ішкі ережелерін сақтау

▶️ Құрмет пен алғыс – ең үлкен сый

Құрметті ата-аналар!

Біздің мақсатымыз – сапалы білім беру және тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру. Сондықтан мереке қарсаңындағы ең жақсы сыйлық – шынайы алғыс пен жылы лебіздеріңіз болсын.

📞 Байланыс үшін:

Мектеп-лицей директоры:Қылышбаева Қадиша Әуесқызы

+77713853666

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

Ахметов Медетбек Лесбекұлы

📞+77051806863

https://www.facebook.com/share/p/1Cns5KctNJ/