"АРМАНҒА АПАРАР ЖОЛ..."
2025 жылдың 20 ақпан күні Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 11- сынып оқушыларымен "Арманға апарар жол...." тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізілді.
Мақсаты:
- окушылардың болашақ мамандығын айқын да сенiмдi таңдауға бағыт беру;
- қоғамға бiр пайдасы тиетін мамандық иесі болуға тәрбиелеу.
- "Face swape"бағдарламасымен балалардын болашак мамандықтарын шынайы көрсету.
Кеш барысында педагог- психолог М.Рыспанбетова тренинг жүргізсе, логопед Б.Әбілдаева логопед мамандығы жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті.Кәсіби бағдар беруші М.Көлегенова "2025 жыл- жұмысшылар жылы," болып жариялануына орай қазіргі таңда сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар жайлы таныстырылым жасады.Балалар керемет эмоцияда болып, өз ойларын бiлдiрдi.Әртүрлі мамандық иелері оқушылар қойған сұрақтарға жауап беріп,пікір алмасты.Ата анамен бала арасында сұрақ жауап жүргізіліп, ойындар ойнатылды.Аудандық мәслихат депутаты,жеке кәсіпкер Аралбай Дүйсенбайұлы,Аудандық полиция майоры Төлеген Жұмабек,Аудандық прокуратура қызметкері Ақылбек Сұлтанғалиұлы,Шәуілдір ауыл әкімшілігінің бас маманы Жорабекұлы Оралбек, "Отырар алқабы"газеті тілшісі Ахмет Есмұрза атты қонақтарымыз оқушылармен өз мамандықтары жайлы сұхбат берді.Кешті қорытындылаған мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызы келген қонақтарға ризашылығын білдіріп,бітіруші түлектерге өздері таңдаған мамандығының нағыз майталманы болуларына,өз тілегін жеткізді.Кеш соңында қонақтар мен оқушылар естелікке суретке түсті.
https://www.facebook.com/share/p/1PDajUkaK4/