Ардақты әжелер, құрметті аналар, аяулы арулар! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Адамзат баласына өмір сыйлар құдірет иесі, тіршіліктің өзегі, өмірдің тірегі – Сіздерсіздер! Сондықтан да алтын құрсақты ананы алып та, батыр да, ақын да, жыршы да құрметтейді. Қазақ қоғамында қай заманда болсын ананың орны ерекше: сөзі өтімді, беделі жоғары, қадір-қасиеті мол болған! Тұмардай батыр аналар, Әлия мен Мәншүктей қайсар қыздар, Домалақ анадай парасатты жандар көп болған. Ұрпаққа өнегелі тәрбие мен ұлағатты сөз қалдырған асыл аналарымыз аман болсын!
Өздеріңді қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Аман болғай, қасиетті аналар!
Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақтың құт-берекесі – Ана. Сондықтан да әр шаңырақтың, шағын мемлекеттің, тағдыры Ананың қолында! Ана – отбасы жылуын сақтаушы, берекесі -ОТ-АНАСЫ! Сондықтан әрбір АНА құрмет пен алғысқа, сый мен марапатқа лайық! Аналарымыз аман болсын!
Ізгі ниетпен Жамбыл атындағы мектеп-лицейі директоры-
Қылышбаева Қадиша Әуесқызы





