"Ана туралы жыр" әнін 100 ер бала ұстаздарымен бірге шырқады.
90 жылдық тарихы бар ауданымыздағы қара шаңырақ білім ордасы -Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің шәкірттері мен ұстаздары 8-наурыз Аналар мерекесінде осындай тосын сыймен қуантты.
Ардақты аналар, аяулы арулар!![]()
Сіздерді көктемнің ең әдемі, ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!![]()
Сіздер – өмірдің мәні мен сәні, тіршіліктің тірегі, сүйіспеншілік пен мейірімнің шуағысыздар.
Сіздердің күлімдеген жүздеріңіз, жүректеріңізден төгілген жылулық әлемді көркейтіп, әр шаңыраққа қуаныш сыйлайды.![]()
Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат, бастарыңыз аман болсын! Жанұяларыңыз берекеге, жүректеріңіз махаббат пен жылылыққа толсын!![]()





