АНА МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ!
Аналар мерекесі қарсаңында,аналарды құрметтеу - адамзаттың борышы екендігін ұғындыру мақсатында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде МАД тобындағы бүлдіршіндермен "Ана менің жүрегім" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Ахметова Мөлдір Медетбекқызының ұйымдастыруымен өткізілген тәрбие сағаты жоғары деңгейден көрінді.Балалар ән мен би билеп,аналарын шаттыққа кенелтті.