«АЛТЫН ҚАЗЫНА» КӨРКЕМ ЖӘНЕ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР БОЙЫНША БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КӨРМЕ БАЙҚАУЫНАН ІІ ОРЫН
Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ нің ұйымдастыруымен өткен «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауынан «Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» КММ нің 10 “Б”сынып оқушысы Алтыбеков Үсен «Макет бұйым» жасау номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Амангелдиев Бақытбек Байдебекұлы
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
Ұстаз бен шәкіртімізге шығармашылық табыс тілейміз!