АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ - АРДАҚТЫ ҰСТАЗҒА
Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, шәкірттерге білім мен тәрбие беруде ұзақ жыл еңбек еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожахметова Салтанат Есенкелдіқызының "Ұстаз ұлы есім-ұмытылмас өнеге!" тақырыбында зейнеткерлікке шығарып салу кеші өткізілді. Ұстазға арналған мерекелік кешке мектеп-лицей директоры, ардагер-ұстаздар, ағайын-туыстары және ұжымдастары қатысты.
Кеш барысында мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызы ұстаздың өнегелі жолдарын, жемісті еңбектерін үлгі ете отырып, мерейлі мереке иесіне алғысын айтып ұжымның атынан сыйлығын ұсынды.
Одан бөлек, ауыл үлкендері мен ардагер - ұстаздар, туған-туыстары мен ұл-қыздары жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын жасады. Бірге қызмет жасаған ұжымдастары әсерлі естеліктерімен бөлісті. Іс - шара барысында мектеп мұғалімдері мен шәкірттері ән-жырдан шашу шашты.





