Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ - АРДАҚТЫ ҰСТАЗҒА

АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ - АРДАҚТЫ ҰСТАЗҒА

Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, шәкірттерге білім мен тәрбие беруде ұзақ жыл еңбек еткен бастауыш пәнінің мұғалімі Маханова Назира Қалдарқызын "Үстаздық ғұмыр-өнегелі өмір!" тақырыбында зейнеткерлікке шығарып салу кеші өткізілді. Ұстазға арналған мерекелік кешке мектеп-лицей директоры, ардагер-ұстаздар, ағайын-туыстары және ұжымдастары қатысты.

Кеш барысында мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызы ұстаздың өнегелі жолдарын, жемісті еңбектерін үлгі ете отырып, мерейлі мереке иесіне алғысын айтты.. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрсұлтан Әбдібекұлы мерейтой иесіне құттықтауын және ұйымның атынан сыйлығын ұсынды.

Одан бөлек, ауыл үлкендері мен ардагер - ұстаздар, туған-туыстары мен ұл-қыздары жылы лебіздерін білдіріп, сый-сыяпаттарын жасады. Бірге қызмет жасаған ұжымдастары әсерлі естеліктерімен бөлісті. Іс - шара барысында мектеп мұғалімдері мен шәкірттері ән-жырдан шашу шашты.

https://www.facebook.com/share/p/1HVgYomidB/