Алғыс айту күні: Тілші бірлестігі оқушылармен бірге көптілділікке үн қосты
Алғыс айту күні – жақындарымызға, достарымызға және айналамыздағы адамдарға ризашылық білдіретін ерекше мереке. Осыған орай, “Тілші бірлестігі” мектеп оқушылары арасында ерекше шара ұйымдастырды. Олар әртүрлі тілдерде “Рахмет” сөзін айтып, алғыс білдіру мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетті.
Оқушылар әлемнің түрлі халықтарының алғыс білдіру дәстүрлерімен танысты. Қазақша “Рақмет”, ағылшынша “Thank you”, французша “Merci”,қытайша “Xièxiè” және басқа да көптеген тілдерде алғыс сөздері айтылды.
Бұл бастама оқушылардың тілдерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды мейірімділік пен ризашылық сезімін білдіруге баулыды. Алғыс айту – кез келген тілде жылы сөз, сондықтан мұндай шаралар адамдар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайта түседі.
“Тілші бірлестігі” болашақта да осындай қызықты жобаларды жалғастыруды жоспарлап отыр. Өйткені әрбір “Рахмет” – үлкен мағынаға ие.