«Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі»
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 24 ақпан күні 8 "Ә" сыныбында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту адамгершіліктің белгісі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға Алғыс айту күнінің мәні мен маңызын түсіндіру;
Алғыс айту – ізгілік пен адамгершіліктің белгісі екенін ұғындыру;
Оқушыларды ризашылық білдіруге, жақсылық жасауға, мейірімді болуға тәрбиелеу;
Қоғамдағы татулық, сыйластық және достық құндылықтарын насихаттау.
Сынып сағаты барысында оқушылар Алғыс айту күнінің мағынасын түсініп, бір-біріне, ата-аналарына, ұстаздарына алғыс білдірді. Оқушылар ризашылық білдірудің маңызын ұғына отырып, жақындарына алғыс айту дағдысын қалыптастырды. Іс-шара оқушылардың бойында мейірімділік, құрмет, сыйластық сияқты адами қасиеттерді дамытуға ықпал етті.
#Сынып_жетекшісі_Төлегенова_Перизат
#Qr_Oqu_aqartu_ministirliqi_Министерство #просвещение_РК
#Түркістан_облысының_Білім_Басқармасы
#Біртұтас_Тәрбие_Түркістан_Облысы