«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ
ЭССЕ БАЙҚАУЫ
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдесінде №194 «Біртұтас тәрбие бағдарламасының
2-қосымшасындағы жоспарына сәйкес, Елімізде мамыр айының төртінші аптасында өтетін «Білімім – Отаныма!» Республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылды. Осыған орай оқу жылын қорытындылап, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін білім алушылар арасында эссе байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты:
Білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.
Міндеттері:
- Білім алушылардың 2024-2025 оқу жылындағы жетістіктерін талдау;
- Білім алушылардың өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту.
"Білімім – Отаныма" бірыңғай сынып сағаттары
2025 жылғы 23 мамырда Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай барлық сыныптарда "Білімім – Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында сынып жетекшілері оқушылармен аталмыш тақырып аясында тәрбие сағаттарын өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар оқу жылы бойы меңгерген білімдерін ортаға салып, өз жетістіктерімен бөлісті.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқу жылын қорытындылау, оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру болды.
Сынып сағаттарында үздік жазылған эсселер марапатталды.
Ғалымжан Еңлік 5 сынып
Абдуқадыр Аяулым 8 сынвп
Құдайберген Мәди 10 сынып
Манап Дінмұхаммед 9 сынып
Жарылқасын Наргиз 11 сынып оқушыларына аудандық білім бөлімінің арнайы Алғыс хаты табысталды.