“Абыройлы еңбектен - құрметті зейнетке”
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі,40 жыл еңбек етіп,,бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Қанай Ақсұлу Тәкенқызын "Абыройлы еңбектен - құрметті зейнетке" атты зейнеткерлікке шығарып салу салтанатты шарасы болып өтті.
Кеш барысы "Ұстаз " әнінен бастау алып, алғашқы тілек мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызы ыстық лебізін білдірді. Зейнет жасына арналған тілектер толастамады .
Кеш соңында ұжымдастар тілектерін арнап шәкірттері Кәусар мен Ұлғаным орындауында "Қимай тұрмын" әнін әсерлете шырқады. Барлық марапат пен сыйға лайықты аяулы апайымыздың мерейі асып, ұжым үлкен қимастық сезіммен қошеметке бөледі.