Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

Абай әділдіктің символы

Жамбыл атындағы мектеп-лицей 9 сынып оқушылары арасында «Абай әділдіктің символы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты:

  • Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау
  • Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
  • Тіл мәдениетін дамыту
  • Балалардың шығармашылығын арттыру
  • Абайдың даналық ойларын қазіргі заманмен байланыстыру
  • Ұлттық мәдениетке қызығушылықты ояту

Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту болып табылады.

Міндеті: Оқушылардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңдіру; Қанымызда бар шешен де, тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру; Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Көрнекіліктері: Абай портреті, эпиграф жазылған слайд, кітап көрмесі, бейнероликтер.

Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

Іс шарада ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздері, аудармалары, өлеңдері мен жұмабақтары ортаға салынды. Әділ Абай жер дауына келген адамдарға әділ шешім айтып дауды шешкенін көрніс ретінде сынып оқушылары қойылым қойды. Жанды дауыста "Желсіз түнде жарық ай" әні хормен орындалып кеш аяқталды. ДТІЖО М. Рыспанбетова сөз алып, оқушыларды бағалай келе жұмбақтарын жатқа айтуды, бір-біріне жасырып ой жүйріктерін дамытуды ұсынды

Дайындаған: Үйірме жетекшілері М.Алтынбекова, Д.Жанзакова

https://www.facebook.com/share/p/17v1rwKQUU/