Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2025 жылдың 21 мамыр күні Отырар АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты Е.Жақанов,полиция капитаны Ж.Пірімжанов,Шәуілдір ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Ғ.Дүйсен 9-11 сынып оқушыларымен қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу бағытында жиналыс өткізді.
Жиналысқа қатысқандар: 11- сынып оқушылары
Күн тәртібінде:
1. Бала қауіпсіздігі-өмір қауіпсіздігі.
2. Құқықбұзушлықтың алдын алу.
3. «Мектебім,саған мың алғыс» салатанатты жиынының өткізілу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Жиналысты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің ДТІЖО Г.Абызбек ашып, келген полиция қызметкерлерімен және жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, Отырар АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты Е.Жақанов,полиция капитаны Ж.Пірімжанов,Шәуілдір ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Ғ.Дүйсен жоғарыдағы мәселелер бойынша сөзге шығып, салтанатты жиынның өткізілу кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әрине, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Отырар АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты Е.Жақанов сөз алып күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндамасында:
-"Бала – бауыр етің" -деген сөзді жиі қолданамыз. Өйткені өзегіңді жарып шығып, ұйыған қаннан ұядағы балапанға айналған құлыншақтың құдіреті адамның ет жүрегін елжіретіп, жүзіңе қуаныш, жүрегіңе жұбаныш сыйлайтыны анық.
Баяғыда бір анадан "Қай балаңды қатты жақсы көресің?",- деп сұрағанда: -"Ауырған баламды жазылғанша, шығып кеткен баламды оралғанша, кіші баламды өскенше жақсы көремін. Кеудемдегі жүрегім тоқтағанша, бәрін жақсы көріп өтемін",- деген екен.
Кәмелетке толмағандар арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу өте маңызды сондықтан, балалардың бос уақыттарын ұйымдастыра алмау, оларды ата-аналарының қараусыз қалдыруы әртүрлі жазатайым жағдайларға, жарақат пен өлімге алып келеді. Кәмелетке толмағандардың жарақаттануын болдырмау үшін кәмелетке толмағандардың үйде және көшеде, суда және өрт кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», -деді Е.Жақанов.
Жиналыстың үшінші мәселесі 2024-2025-оқу жылының аяқталуына байланысты «Мектебім,саған мың алғыс!» салтанатты жиынының өткізілуі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы Отырар АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты Е.Жақанов 23-мамыр күні өткізілетін мерекелік жиынның қауіпсіздік шараларын мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері тарапынан қатаң бақылауды ерекше ескертіп өтті.
Оқушыларды сол күні мектепке көліктерге мініп, түрлі құқықбұзушылыққа әкеліп соғатын әрекеттерді жасамауға шақырып, осыған қоса жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, 2025 жылдың 23-25-мамыр күндері аралығында экскурсиялар өткізуге қатаң түрде тыйым салынатындығын ескертіп өтті.
Б.Момыш ұлының сөзімен айтқанда: :-«Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас»,- демекші оқушыларды мемлекеттің заңдарына қайшы әрекет жасамауға шақырды.