Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде мектеп мейірбекесі Жезтай Розаның ұйымдастыруымен 10-сынып арасында жиын өткізілді.

Денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат байлық. Оны ешқандай байлықпен өлшеу мүмкін емес. Сондықтан әрбір күн – өз денсаулығымызға қамқор болудың жаңа мүмкіндігі.

Бүгінгі күн – салауатты өмір салтын насихаттап, өзімізге бір сәт болса да назар аударуға шақыратын ерекше күн. Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу – бәрі де ұзақ әрі бақытты өмірдің кепілі.

✨ Өз денсаулығыңызды бүгіннен бастап күтіңіз!

✨ Жақындарыңыздың амандығын бағалаңыз!

💬 «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»

#ДенсаулықКүні #СалауаттыӨмір #7сәуір

https://www.facebook.com/share/v/1BYYvk6p3Y/