7 мамыр – Отан қорғаушылар күні ![]()
Мектебімізде алғашқы әскери дайындық пәнінің маманы Тулимбетов Шоқанның ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, елін, жерін қорғауға деген құрмет сезімін арттыру және әскери қызметтің маңызын түсіндіру.
Шара барысында оқушылар патриоттық әндер айтып, әскери бағыттағы сайыстар мен түрлі тапсырмаларға белсене қатысты. Сонымен қатар, ерлік пен батырлық жайлы тағылымды әңгімелер айтылып, Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді.
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!





