23 Сәуір - Ұлттық Кітап күні!
23 сәуір – 1995 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде белгіленді. Мақсат – кітап оқуды насихаттау, білім мен шығармашылық еңбекті құрметтеу, сондай-ақ авторлардың құқықтарын қорғауға қоғам назарын аудару. 2024 жылы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда президент Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген. Соған сәйкес, 23 сәуір Қазақстанда Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады. Осы мерекеге орай мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Еңлік Жұмашова 4-5 сынып оқушыларымен оқу сағатын өтті. Балапандардың еңбегін бағалай кетіңіздер.