2025–2026 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі
Мектептерде бірыңғай педагогикалық кеңестердің өткізілуін мониторингтеу графигі аясында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Іс-шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру филиалының тренері Қуанышбек Гулмира Еламанқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Жақыпбекова Злиха Әсенқызы қатысты.Педагогикалық кеңесті мектеп-лицей директоры Қылышбаева Қадиша Әуесқызы жүргізіп отырды.
Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және жаңа оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін айқындау.
Күн тәртібі:
Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары
Жылдық жұмыс жоспарын бекіту
Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.