Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

20 наурыз – Ұлттық спорт күні!

20 наурыз – Ұлттық спорт күні!

Ұлттық спорт – халқымыздың рухы мен болмысының айқын көрінісі. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі ойындарымыз тек дене шынықтырып қана қоймай, батылдыққа, ептілікке, намыс пен бірлікке тәрбиелейді. 🇰🇿

Осы айтулы күні мектебімізде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, оқушыларымыз өз шеберліктерін көрсетіп, ата-баба мұрасын дәріптеді. Асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды ойындар арқылы ұлттық құндылықтарымыз жаңғырып, жас ұрпақтың санасына сіңірілді.

✨ Ұлттық спорт – ұлттың айнасы.

✨ Дәстүрді дәріптеу – әрқайсымыздың борышымыз!

#ҰлттықСпортКүні #Наурыз2026 #ҰлттықҚұндылықтар #ЖамбылМектепЛицейі

https://www.facebook.com/share/p/1GZpdw2M5c/