18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
Наурызнаманың онкүндігі аясында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «ЕҢ ӘДЕМІ КИІМ – ӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ КИІМІ» тақырыбында мектеп ұжымы мен оқушылар қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау мақсатында Ұлттық киім күнін атап өтті.
Іс-шараның мақсаты: ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киімнің құндылығын дәріптеу. Тарихи дәстүрлерге құрмет көрсету және оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу.
Тамырымызды тереңнен тартып, дәстүрімізді бірге жаңғыртайық!