Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Ресми интернет-ресурс

1 наурыз – Алғыс айту күні

Бүгін Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай “Алғыс айту – адамгершілік қасиет” атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын айқындайтын ерекше мереке. Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар мейірімділік, ризашылық, жақсылық жасау туралы өз ойларын ортаға салып, бір-біріне алғыс білдірді.

Шара аясында облыстық,аудандық олимпиада жеңімпаздары марапатталып, үздік оқушыларға және үздік оқушылардың ата-аналарына құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, 9-11 сыныптар арасындағы пәндік олимпиада жеңімпаздары да ерекше атап өтілді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы білім бәйгелерінде биік белестерді бағындыруды тілейміз!

Осындай игі істер арқылы оқушыларымыздың бойында алғыс айту мәдениеті мен адамгершілік қасиеттері қалыптасатынына сенімдіміз. Баршаңызға бейбітшілік, татулық және шексіз алғыс сезімі серік болсын!

#Жамбылатындағымектеплицейі

#Біртұтас_тәрбие

#АлғысАйтуКүні #Ризашылық #БілімЖарысы #МектепЖетістіктері

https://www.facebook.com/share/p/1GzvA1P1Cb/