Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Зорлық зомбылықтың алдын алу

Жамбыл атындағы мектеп-лицейі 2025– 2026 оқу жылында «Нашақорлық, булинг, лудомания, құқық бұзушылықтың алдын алу мен зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 8-11 сынып оқушылар арасында өткен жиналыс.

Хаттама №

Шәуілдір ауылы Мерзімі: 05.03.2026ж.

Қатысқандар:

1. Отырар АПБ кадыр жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі: Нұрбеков Асхат

2. Отырар АПБ-нің ҚҚБ ЮПТ-ның аға инспекторы полиция подполковнигі: Т.Меңлібаев

3.Отырар аудандық АПБ, КПБ-ның

бастығы, полиция майоры Сейдехан Әлшері

4.Отырар АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКТ аға

инспекторы полиция капитаны 3. Надирова.

5.Мектеп – лицей директоры: Қ.Қылышбаева

6.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: М.Ахметов

7.Мінезгер: Ұ.Мауленқұлова

8.Отырар АББ әдіскері:Байырбеков.Ә

9.Қатысқан оқушылар: 8-11 сынып оқушылары

10.Сынып жетекшілері.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқықбұзушылық және нашақорлық, лудомония мен буллинг (зорлық зомбылықтың) алдын алу шаралары туралы»

2. «Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы»

Жиналысты мектеп-лицей директоры Қ.Қылышбаева ашып, күн тәртібіндегі мәселені мектеп оқушыларына таныстырып өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Отырар АПБ кадыр жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі: Нұрбеков Асхат сөз алып кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отыратындығын және т.б мәселелерді ескертті. Оқушылар арасында «Нашақорлық, булинг, лудомания, құқық бұзушылықтың алдын аулмен зорлық зомбылықты алдын алу»» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында рейдтік профилактикалық апталығы жүргізіліп жатқандығын, рейд барысында, басқа кездерде де ешқандай құқықбұзушылыққа жол берілмейтіндігін және оқушылардың себепсізден себепсіз сабақтан қалған жағдайда құмар ойындар ойнаса, темекі өнімдерін тұтынса немесе сатып алса оқушыны есепке алып ата-анасына айыппұл салынатындығы да айтылып және аудандық ІІБ-ң базасына «Берекесіз отбасы» деп есепке алынатыны ескертті. Жолда жүру ережелерінің міндеттері түсіндіріліп толыққанды мағлұмат беріп өтті.

Отырар АПБ-нің ҚҚБ ЮПТ-ның аға инспекторы полиция подполковнигі: Т.Меңлібаев өз сөзінде:

ҚР ӘКТтК-нің 442 бабының 1-бөлімімен \Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсізтүнгі уақытта сағат 22-00ден таңғы сағат 06-ға дейін ойын сауық мекемесінде болғаны үшін\

ҚР ӘКТтК-нің 442 бабының 2-бөлімімен Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 23-00ден таңғы сағат 06-ға дейін тұрғын жайдантыс жерлерде болғаны үшін\

ҚР ӘКТтК-нің 132 бабы\Кәмілетке толмағандардың түнгі ойын сауық мекемелерінде болуына жол беру\

ҚР ӘКТтК-нің 432 бабы бойынша \Жирма бір жасқа толмаған адамдарға темекі және арақ бұйымдарын сату\

ҚР ӘКТтК-нің 200 бабы бойынша \ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізужөніндегі талаптарды бұзу\

ҚР ӘКТтК-нің 127 бабы бойынша \Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу міндеттерді, қауіпсіздігін ұқамтамассыз ету жөніндегі шараларды орындамау\

Жиын барысында бірнеше баптарымен таныстырып өтті. Осы заңдарды бұзған жағдайда ата-анасына әкімшілік хаттама толтырып, үштен онға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейін мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеліп соғатынын хабарлады.

https://www.facebook.com/share/p/1DuxHrN9Mj/