ЖЫР ЖАТТАҒАН ШАПАҒАТ
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бастамасымен «Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат» эпостық жырлар мен қисса дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балаларға арналған облыстық байқаудың аудандық іріктеу байқауы Темір ауылдық мәдениет үйінде өтті. Бұл байқауға Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 5 "Б" сыныбының үздік оқушысы Дербісбек Шапағат (сынып жетекшісі Еркінова Кенжегүл) қатысып,аудандық іріктеуден 1 орын алып,облыстық кезеңге жолдама алды.
Қисса-дастандар мен батырлар жыры қазақ ауыз әдебиетінің мәйегі, бағзыдан қалған бағалы мұрасы. Сол бағалы мұраны бабадан балаға жеткізудің ұтымды тәсілі – жатқа айтуды жандандыру. Осы бағытта мектеп-лицейімізде үйірме жұмыстары өз деңгейінде шәкірттерімізге бағыт-бағдар беріп қана қоймай ,үлкен негіз қалануда.Оқуда озат,алғыр,өте зерек Шапағат шәкіртімізге алдағы байқаудан жеңісті сәттер тілейміз!