ЖЫР ЖҮЙРІГІ-МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ! ![]()
2026 жылдың 9 ақпанында
"Жамбыл атындағы мектеп-лицей" КММ-де қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, сыршыл ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай тағылымды да әсерлі іс-шара өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өксікбаева Лаура Бүркітбайқызының ұйымдастыруымен 6 "В" сынып оқушылары арасында
«Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев!» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар Мұқағали жырларын жүрекпен оқып, поэзияға деген сүйіспеншілігін, көркем сөзге деген құрметін паш етті. Әрбір өлең – баланың жан дүниесінен шыққан сыр, әрбір жол – ақын рухына тағзым іспетті әсер қалдырды.
Бұл іс-шара оқушылардың көркем сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, поэзияға деген рухани қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.
Мұқағали поэзиясы – мәңгілік!
Өлеңді сүйген ұрпақ – рухы биік ұрпақ!
#ҚРОқуағартуминистрлігіМинистерствопросвещенияРК
#ТүркістанОблысыныңБілімБасқармасы





