Жомарт жанның жақсылығы...
Өмір жолындағы елеулі сәттердің бірі – зейнетке шығу кезеңі. Себебі адам баласы үшін қандай да бір қызметтің, мансап жолының аяқталар тұсы болады. Ал бір салаға талай жылын арнап, сол бір жұмыстың тасын өрге домалату үшін білімі мен еңбегін аямаған жандарға жылы лебіз айту ерекше құрмет болып саналады. Бұл жазбамыздан зейнетке шыққан
жан -Қанай Ақсұлу Тәкенқызының өмір жолын,еңбек ету кезеңдерін айта аламыз.Ақсұлу Тәкенқызының мектеп саласында шәкірттерімізге демеушілік ретінде көптеген игілікті істер атқарғанын білеміз.Зейнеткерлік жас мерейтойы кешінде өзі сабақ беретін 3-4 сынып оқушыларына яғни 150 оқушыға Аlpen gold тәттілерін үлестірді.Бұл да болса "Балалар болашағымыз" деген басты қағиданы назарға алып жүретініне дәлелдеме бола алады.Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелей отырып,мектептегі,аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға өз отбасы тарапынан тұрақты демеушілік жасап,көмек беріп отырады.Осындай жабырқағанның жанынан табылып, игілікті іске ұйытқы болған жомарт жанның үлгісі басқаларға сабақ болса нұр үстіне нұр дер едік. Қанай Ақсұлу Тәкенқызына ұжым атынан ризашылығымызды білдіреміз."Бейнеттің зейнетін көріп" аман -есен ортамызда шаршамай,елдің ықыласына бөлене беріңіз!