Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Бұған дейін "AMANAT" партиясы Отырар аудандық филиалының және аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақовтың демеушілігімен Шәуілдір елді мекені, Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде заманауи үлгідегі футбол алаңы іске қосылған болатын. Бұл төрағаның сайлауалды бағдарламасы аясында халыққа берген уәделерінің бірі еді. Қазіргі таңда он жастан асқан мектеп қабырғасындағы балалар осы алаңда дайындық жұмыстарын жүргізеді, оларды белгілі Райымжан Абдраймов, Константин Колесниковтер жаттықтырып жүр. Оқушыларымыз бірқатар жарыстарда топ жарыпта үлгерген.

Бүгін төраға осы орайда, партияның "Бақытты отбасы" жобасы аясында шәкірттерді қолдау, оларды шабыттандыру мақсатында демеушілерді ұйымдастыра отырып балаларға футбол ойнауға қажетті доп, спорттық киімдерін т.б. қажетті заттарын алып берді.

Төрағаның негізгі мақсаты-футбол алаңдарының көбеюі - бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде аудан көлемінде футболдың қарыштап дамуына өз септігін тигізу.

Қуанышты жиынға №2 спорт мектебінің директоры М.Қашқынов, спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Қуандықовтар қатысып, демеуші азаматтарға үлкен алғыстарын жеткізді.

https://www.facebook.com/share/p/12HxCWVL6wD/