Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ЖАМБЫЛДЫҢ ОТТЫ ЖЫРЛАРЫ!

ЖАМБЫЛДЫҢ ОТТЫ ЖЫРЛАРЫ!

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы

мектеп-лицейінде қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жылдығына байланысты 3 "Б" сынып оқушылары мектеп кітапханасында ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Жамбыл атамыздың отты жырларын жүрекпен сезініп, мәнерлеп, әсерлі жеткізе білді. Әрбір оқушы ұлы жыршының мұрасын өз деңгейінде танытып, үлкен дайындықпен келгенін көрсетті. Ақын туындылары - елін, жерін сүюге, сөз қадірін түсінуге тәрбиелейтін маңызды рухани азық екенін сезінді.

Сынып жетекшісі Нәлібаева Айсұлу Бердібекқызы мен мектеп кітапханашысы Назипа Сұлтанмұратоваға ұжым атынан алғыс білдіреміз!Ұлы Жамбылдың жырлары жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі жаңғыра береді!

https://www.facebook.com/share/v/17U1LpRdeB/