ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мектебімізде оқушылардың дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау, шетелде діни білім алу қауіптілігін түсіндіру мақсатында «Діннің негізгі құндылықтары және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Қайсар Мырзабай, Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі Ғалымжан Сарсеков қатысты.
Жиында жастардың дұрыс діни дүниетанымын қалыптастыру, қауіпті идеологияларды ажырата білу қабілетін күшейту және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған ақпараттар айтылып, діни экстремизмнің зиянды тұстары мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы түсіндірілді.Сонымен қатар, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы да баяндалды.
Баяндама барысында маман өз сөзін бейнероликтер мен слайдтық материалдар арқылы нақты мысалдармен толықтырды. Бейнематериалдарда қоғамға қауіпті діни ағымдардың теріс идеологиялары мен олардың жастар санасына тигізетін кері әсерлері көрсетілді. Сондай-ақ, теолог дұрыс діни бағыт ұстанудың, отансүйгіштік пен рухани тұрақтылықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.





