Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Жалпы мектептік сейсмикалық және эвакуациялық жаттығу өткізілді.

Жалпы мектептік сейсмикалық және эвакуациялық жаттығу өткізілді.

2026 жылғы 04 наурыз күні Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде жалпы мектептік сейсмикалық, объектілік және жер сілкінісі жағдайындағы эвакуациялық жаттығуларға даярлық жұмыстары өткізілді.

📌 Тақырыбы:

Жер сілкінісі жағдайындағы эвакуациялық жаттығулар, объектілік жаттығу және жер сілкінісі кезінде оқытушылар құрамы мен оқушылардың іс-қимылдары.

🎯 Оқыту мақсаты:

Оқу орнының жер сілкінісі және өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығулар кезіндегі қорғау іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру;

Басшы және оқытушы құрамның төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету дағдыларын жетілдіру;

Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық тәсілдерді меңгеру;

Құлақтандыру, жинау, жабдықтау және әзірлік жағдайында болу дағдыларын қалыптастыру;

Оқушыларға жер сілкінісі мен өрт жағдайындағы дұрыс іс-қимыл және қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін үйрету.

🕒 Өткізілген уақыты: Үлкен үзіліс кезінде

📍 Өткізілген орны: Оқу сыныптары және мектеп ғимаратының аумағы

👥 Қатысушылар: Мектептің басшы құрамы, оқытушылар және оқушылар

Жаттығу барысында жер сілкінісі және өрт жағдайында сынып ішінде және мектеп ғимаратында эвакуациялау тәртібі пысықталды. Қатысушылар төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмін тәжірибе жүзінде орындап, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын көрсетті.

Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Осындай жаттығулар арқылы төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдылары қалыптасады.

#ҚауіпсізМектеп #СейсмикалықЖаттығу #Эвакуация #ЖамбылМектепЛицейі

https://www.facebook.com/share/p/1CDoaECpwh/