Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөлімінің "Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Отырар аудандық білім бөлімінің 13.05.2025 жылғы №41-10/606 шығыс хатына сәйкес 15 мамыр күні сағат 15:00-де "Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары" тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай жаңа форматта ұйымдастырылды. "Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары"тақырыбында ата-аналарға сұрақтар қойылып,өзара пікірлесу алаңы мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызының қорытынды сөздерімен түйінделіп отырды. "Сенімді қарым-қатынас - бақытты балалық шақтың кепілі"атты тақырыпта мектеп психологы М.Рыспанбетова баяндама жасады. , 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, "Жазғы демалыс кезіндегі келеңсіз оқиғалардың алдын алу" тақырыптарында сұхбат болып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ата-аналармен бірге 2025-2026 оқу жылына арналған бірыңғай мектеп формасы жайында мәселе талқыланып, келісім жасалды.

#Оқу_ағарту_министрлігі

#Түркістан_облыстық_білім_басқармасы

#Отырар_аудандық_білім_бөлімі

#Біртұтас_тәрбие_Түркістан_облысы

#Меруерт_Медетбекова

#Сағым_Нағашыбаева

#Бейсен_Тәжібаев

#Айгүл_Қасымбекова

#Примбетова_Шарипа

#Кудайберген_Шербаев

https://www.facebook.com/share/p/18zgVzSAf6/