ЖАҢАРУ КҮНІ: ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – БОЛАШАҚҚА АМАНАТ
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 19 наурыз – Жаңару күні кең көлемде аталып өтті. Бұл күннің басты мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру.
Наурыз – табиғаттың қайта жаңғыруы, тіршіліктің жандану кезеңі. Осы орайда мектебімізде көгалдандыру және тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздар қоршаған ортаны көркейтуге белсене атсалысты. Ағаш отырғызу, гүл егу, мектеп ауласын абаттандыру шаралары өткізіліп, оқушыларға экологиялық тәрбие берілді.
Шара барысында оқушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсініп, оның болашақ ұрпақ үшін маңызы зор екенін ұғынды. Ұстаздар қауымы мен мектеп әкімшілігі бұл дәстүрді жыл сайын жалғастыру керектігін атап өтті.
Табиғатты аялау – әрбір адамның міндеті. Біз Жер-Анамызды қорғап, оған қамқорлық жасау арқылы келешек ұрпаққа жасыл желекке оранған таза әлемді аманат етуіміз керек.