"Заң мен тәртіпті сақтаудағы Менің үлесім!" тақырыбында бірыңғай адалдық сағаты өтті
2025 жылғы 27 қаңтарда Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «Заң мен тәртіпті сақтаудағы Менің үлесім!» тақырыбында бірыңғай адалдық сағаты өткізілді. Бұл шара Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттау және құқықбұзушылыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және жеке жауапкершілікті арттыру. Шара барысында оқушылар эссе жазу арқылы өздерінің заңға деген көзқарастарын білдіріп, тәртіпті сақтау жолындағы жеке үлестерін анықтады.
Мектеп оқушылары мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастық пен белсенділік үшін баршаға алғыс білдіреміз. Заңды сақтау – біздің ортақ міндетіміз!
#Бір тұтас тәрбие бағдарламасы
#Примбетова Шарипа
#Анар Тәңірбергенова