Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Бүгін Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдерді қолдана отырып, оқу-жаттығу өткізілді.

Мектептегі оқу-жаттығуды өткізген АӘД жетекшісі Төлімбетов Шоқан Бақытұлы оқу-жаттығулар аясында төмендегі мәселелерді пысықтап өтті:

- мектеп персоналына, оның ішінде мектептің қарауылдарына алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқама берілді;

- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқама берілді;

- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау жүргізілді;

- техникалық құралдардың (дабыл түймесі және бейнебақылау камералар) жұмыс істеуі тексерілді;

Оқу-жаттығу барысында оқушылардың қысымға ұшырамауы үшін оқу-жаттығудың дұрыс ұйымдастырылуы басты назарға алынды.

https://www.facebook.com/share/p/1CZXY9WSY4/