Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ТЕЛЕФОН-ЖАРЫҚ ҒАЛАМ;БҰЗЫЛМАСЫН САНАҢ

«ТЕЛЕФОН-ЖАРЫҚ ҒАЛАМ;БҰЗЫЛМАСЫН САНАҢ...»

    Түркістан облысы, Отырар ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Отырар аудандық білім бөлімінің 13.01.2025 жылғы №41-10/20 хатына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Телефон-жарық ғалам,бұзылмасын санаң...» тақырыбында ой-түрткі алаңы өткізілді.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай «Бес нәрседен қашық бол,бес нәрсеге асық бол» деген өсиеті «Жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге» шақырады.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі қоғамға қауіпті бес кеселмен бүкіл ел болып күресу керектігін,әсіресе балалар арасында өріс алып бара жатқан бұл қатерлі кеселдердің жолын кесіп,белсенді күрес жүргізу туралы айтты. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде қазіргі қоғамдағы оқушылар арасындағы көптеген вейб,лудомания,смартфон арқылы құмар ойындарынан туындап жатқан мәселелердің алдын алу мақсаты көзделген болатын.“Адамның адамшылығы жақсы ата-анадан, жақсы достан, жақсы ұстаздан болады”, - дейді дана – Абай атамыз.Бала көп уақытын ұстаздардың жанында, достарының қасында өткізеді. Ия, ұстаздар 45 минут қана сабақ беретін шығар, алайда олардың іс-әрекеті, ұлағатты сөздері баланың санасына сіңіп, ойында жатталып қалады. Бір сөзбен айтқанда, мектеп-тәрбие мен білім ордасы. Алайда қолына смартфон ұстатып,мектепке жіберетін ата-аналар мен телефонға телмірген оқушыларымызды телефонға деген тәуелділіктен қалай тыйым жасасақ болар екен?!«Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты сахналық қойылымдаоқушылар мен ата-аналар және мұғалім арасындағы телефон,гаджеттердің пайдасы мен зиян туралы өзекті мәселе көтерілді.

Бүгінгі ой-түрткі алаңын қорытындылау үшін сөз тізгінін алған мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызы:

-Бұрын үйімізге қонақ келсе, әке-шешеміз "үлкендердің ақылын, әңгімесін тыңда" деп отырғызып қоятын, сонда дастарқан басында келген кісілердің жақсы әңгімесіне қанық болатынбыз. Шайдан соң, қолына су құйып, батасын алатын едік. Әрине, жақсы сөз – жарым ырыс. Қазір қонақ келсе, баласының қолына телефон беріп, "мынаны көріп, тыныш отыр, бөлмеден шығушы болма" дейтін жағдай қалыптасты. Яғни, баламызды жақсы әңгіме тыңдатуға да мұрсат жоқ. Одан қалды бұрын отбасында жақсы әңгімелер айтылатын, мазмұнды кітаптар оқылатын. Бүгін ше? Бүгінде отбасындағы 3 адам 3 телефонмен, 5 адам болса, 5 телефонмен отырады. Өкініштісі сол, отбасында ортақ әңгімелер сұйылып барады. Енді отбасынан әңгіме таппаған бала оның бәрін сырттан іздейді, тәрбиені сырттан алады. Бұрын отбасы дұрыс емес шаңырақта тәрбиеленген баланы "ол баланы көше тәрбиелеген, ата-анасынан тәрбие көрмеген" дейтін әңгіме бар еді. Бүгінгі күні барлық баланы көше тәрбиелейтін, барлық баланы телефон тәрбиелейтін күйге жеттік. Солай бола тұра, оның салдарынан әлеуметтік желідегі шығып жатқан әртүрлі оқиғаны таңғалыспен қабылдауымыз мүмкін. Әрине, күлкілі. Балаңыз үлкейіп келе жатқан кезде біз "балаға үлгі-өнеге көрсетерлік не жасап жүрміз?" деген сұрақты өзімізге қойсақ бола ма? Бір уақыт баламызбен сөйлесеміз бе, серуенге шығамыз ба? Бәрі де – бүгінгі отбасының сұрағы.....Осылай сөзін қорытындылаған мектеп-лицей басшысы Қадиша Әуесқызы барша ата-аналарға ескертілуімен оқушыларға мектепте телефон әкелуге тыйым салынғандығын ,ой-түрткі алаңында бейне көрсетілімдер мен сахналық қойылымдары,мәнерлеп жатқа оқу шығармашылық жұмыстары жасалынғанын атап өтті.

#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы

#ЗаңменТәртіпЗакониПорядок

#ҚМАкүніДеньАФМҚРҚМА

#АФМРКQMAKRAFMRK

#ЭТТДТүркістанДЭРТуркестан

 

https://www.facebook.com/share/p/15FayB5TdD/