Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

🌹КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

Құрметті аудандық әдістемелік қызметтегі ұлағатты ұстаздар!

Ұстаздар қауымының бағыт-бағдарын айқындап, сапалы білім мен саналы тәрбиенің шамшырағына айналған сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз, табанды ізденістеріңіз – ауданымыздың білім сапасын көтеруге, жас ұрпақтың болашағына жол сілтеуге қосып жатқан өлшеусіз үлес.

Әдістемелік қолдауларыңыз – мұғалімдердің шабытын оятып, шәкірттердің шарықтауына себепкер.

Ұстазға бағыт, шәкіртке шамшырақ болған сіздердің әрбір бастамаларыңыз сәттілікпен ұштасып, шығармашылық табыс пен шексіз шабытқа жалғасын тапсын!

Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас қуат, отбасыңызға амандық пен береке, кәсіби жолда тек биіктер тілейміз!

Ұлағатты істеріңіз ұрпақ болашағына жол ашсын!

Ауданымыздың абыройы артып, мәртебесі асқақтай берсін!

Ізгі ниетпен:

«Жамбыл атындағы мектеп-лицей» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әжібеков Асқар Сусарұлы,

мектеп әкімшілігі және ұжымы.

🌹🌹🌹🌹🌹🌹

https://www.facebook.com/share/p/17gYBLEYCd/