Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Танымал боксшылармен кездесу

Танымал боксшылармен кездесу

Кешегі күн Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің акт залы лық толы болды. Өйткені, балалармен кездесуге белгілі боксшылар шақырылды.Мектеп-лицей жанындағы демеушілер сыйға тартқан спорт алаңында «Отырар ауданының 90 жылдық» мерейтойы аясында еңбек ардагері Жамалхан Ұзақұлын еске алуға арналған футболдан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.

Жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатындағы турнирге еліміздің мақтаныштары бокстан олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Махмұт Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Төрехан Сабырхан қатысты.

Танымал бокшыларымыз балалармен кездесуінде үлкен спортқа қалай келгенідерн айтты. Олар өздерінің алғашқы жаттықтырушыларын үлкен сағынышқа толы жылулықпен еске алды. Табысқа жету құпиялары туралы айта келе, танымал боксшылар қалаған адамға жету үшін табанды жұмыс істеу керек екенін мойындады. Балалар ел мақтанышына айналған бокшылардың әңгімесін мұқият тыңдап, оларға көптеген сұрақтар қойды, олардың өмірбаянымен танысты. Боксшы ағалары балаларға күтпеген жағдайларда өзін-өзі қорғаудың бірнеше тәсілдерін көрсетті. Олар балаларға жақсы оқып, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға, алға қойған мақсаттарға жетуге шақырды.

Жанды атмосфера, жағымды көңіл-күй, еркін отырыс, ашық әңгіме - бұл кездесудің негізгі сәті болды. Кездесу балаларға керемет әсер қалдырды. Өйткені атақты боксшы сияқты адамдардың мысалында өз ісінің шебері болуға үйренеді.

Қызықты,танымал адамдармен кездесу Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде жақсы дәстүрге айналды. Жаңа кездесулерді күтеміз!

https://www.facebook.com/share/p/1C6TXYBiVk/