Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ТҰСАУ КЕСЕР САЛТ - ДӘСТҮРІ

⚜️⚜️⚜️ ТҰСАУ КЕСЕР САЛТ - ДӘСТҮРІ ⚜️⚜️⚜️

✍️ "Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 наурыз "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" бесікке салу,тұсаукесер т.б. салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында Кәсіби бағдар беруші М.Көлегенова, «Шежіре»ӘБ жетекшісі А.Тулбасиева, 3 сынып оқушыларының қатысуымен және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен тұсаукесер көрінісі қойылды.

🔹Мақсаты:Ұлттық салт-дәстүрдің, ата дәстүрдің ұрпаққа мұра ретінде берілуінің маңызын оқушыларға түсіндіру.Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге адал болуға, оны қастерлеп, үнемі сақтауға және жасампаздықпен дамытуға үйрету.

🔸Тұсау кесу дегеніміз бір жасқа толып, еркін жүре бастаған баланың алғашқы қадамы құтты болсын деп, оның болашақта жамандық көрмей, сүрінбей жүруіне тілек білдіретін салт.

🔹Күлгенің де той сенің,

Жүргенің де той сенің.

Қызықтасын халайық,

Тұсау кескен бұл күнің

Есте қалсын, жарқыным.

#otrarbilim

#Жамбылатындағымектеплицейі

#біртұтастәрбие

#тұсаукесер

#көрісукүні

#Наурызнама

#біртұтас_тәрбие

#nauryznama2025

https://www.facebook.com/share/p/18eZBR6594/