Выберите язык

Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

«ТҰЛҒА ЕТКЕН МЕКТЕБІМ!»

«ТҰЛҒА ЕТКЕН МЕКТЕБІМ!» ✨🎓
2026 жылдың 17 маусымында «Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» КММ-де бітіруші түлектерге аттестат табыстау салтанатты кеші өтті.Отырар аудандық білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы мен мектеп-лицей директоры Қылышбаева Қадиша Әуесқызының шәкірттерге арнаған ізгі тілектері әсерлі болды.
✨Бұл күн – мектеп қабырғасындағы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлектер үшін ерекше әрі ұмытылмас мереке. Жылдар бойы жинаған білім мен тәжірибе бүгін өз нәтижесін беріп, түлектеріміздің қолына көптен күткен аттестаттары табысталды.
🌟 Мектеп-лицейіміздің мақтанышына айналған "Алтын белгі" иегерлері:
1. Бердібаева Елдана
2.Бердіқұл Асылжан
3.Қосмаханбет Аруна
Қызыл аттестат иегерлері:
1.Дүйсенбай Айым
2.Жалғасбаева Інжу
3.Жұмабай Інжу
Сіздердің табандылықтарыңыз, білімге деген құштарлықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз үлкен жетістіктің жарқын көрінісі болды. Бұл – ұстаздар мен ата-аналардың сенімі мен қолдауының жемісі.
Құрметті түлектер!
Бүгін сіздер мектеп атты алтын ұядан түлеп ұшып, жаңа өмір жолына қадам басып отырсыздар. Армандарыңызға жетуден ешқашан тайынбаңыздар, биік мақсаттар қойып, сол жолда аянбай еңбек етіңіздер. Әрдайым ел сенімін ақтайтын, білімді де парасатты азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.
💐 Ақ жол сіздерге, жас түлектер!
💫 Болашақтарыңыз жарқын,
💫 Қадамдарыңыз нық,
💫 Армандарыңыз асқақ болсын!
Мектептен үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдарыңыз сәтті болғай! 🎓