СЫРЛЫ ЖЕҢГЕ-СҰЛУ ҚЫЗ!
Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" және "Даналық мектебі" жұмысын ұйымдастыру мақсатында ДТІЖО Г.Абызбек пен сынып жетекшілер С.Бекбаев, Г.Исаева,Ж.Жаппарованың ұйымдастыруларымен "Сырлы жеңге-сұлу қыз!" атты сайыс ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау;
Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту;
Жанұядағы жеңге мен қайынсіңілі арасындағы сыйластық пен адамгершілікті, инабаттылықпен, ибалықты дәріптеу болып табылады.
Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып,мектеп -лицей директорының алғыс хатымен және сыйлықтармен марапатталды.