ҰСТАЗДЫҚ -ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ
мерекелік айдары
Ұстаз – қастерлі һәм ұлы сөз. Әр баланың жүрегінен екінші анасы болып орын таба білген қасиетті тұлға. Шәкіртінің бойына білім нәрін сусындатып, ақылын айтып, қателерін түзеп, оны кешіре білген ардақты ұстаздардың дәрежесі қашанда жоғары.
Мектеп жүрегіне айналған ұстаздардың бірі де бірегейі, бастауыш сынып мұғалімі Еркінбекова Эльмира Рысбекқызы - шыдамдылық пен төзімділілікті тең ұстаған жан. Эльмира Рысбекқызы балаға деген сүйіспеншілігінің арқасында шәкірттерін алға жетелейді, бағыт-бағдар береді, шабыттандырады. Шәкіртінің мақсат қойып және оған жетуіне сенім ұялатады. Өз мамандығын жаны сүйетін , бойына асыл қасиеттерді жинаған ұстаздың жетістіктері де аз емес.
2020 жылы ІІ дәрежелі Диплом Республикалық математика "ПедСтарт" олимпиадасы;
2020 жылы ІІ дәрежелі Диплом Республикалық дүниетану "ПедСтарт" олимпиадасы ;
2020 жылы Диплом , "Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры" ұйымдастырған "Үздік педагог қоржыны " Республикалық байқауы жеңімпазы ;
2020 жылы 2 дәрежелі Диплом , "USTAS TILEGI" республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы Халықаралық "Үздік педагог" ұстаздар арасындағы олимпиада жеңімпазы;
2020 жылы І дәрежелі Диплом , мерзімді баспасөз басылымында "Үздік нәтиже" көрсеткені үшін "Қазақстан Ұстазы" Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал;
2020 жылы "Үздік бастауыш сынып мұғалімі”
2020 жылы «Оқыту үдерісінде саралап оқыту әдістерін қолдану» тақырыбындағы облыстық семинарына қатысып, «Тура және тура емес теңдіктер» тақырыбында ашық сабақ өткізгені үшін сертификат;
2021 жылы «Үздік педагог» конкурсының аудандық ,облыстық кезеңінің жеңімпазы куәлігі;
2024 жылы 10 оқушы «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы атанды;
Эльмира Рысбекқызының бала көңілі әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгеді.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына білім шырағын жағып, нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткіземін деп жүретін Эльмира ұстаздың жөні де, жолы да бөлек.
Сізге, мерейлі төл мерекеңізде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қажымас қайрат, еңбегіңізге толағай табыстар тілейміз!