ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ-ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде ұзақ жылдар бойы бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбиенің дәнін сеуіп, саналы ұрпақ қалыптастыруға өлшеусіз еңбек сіңірген ардагер ұстазымыз Тұрғымбаева Рахима Елібекқызын ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз берген әрбір сабақ – шәкірт жүрегінде мәңгілік із қалдырды. Ізгілікке, білімге, адамгершілікке баулыған еңбегіңіз үшін алғысымыз шексіз.
Алдағы ғұмырыңыз ұзақ болып, денсаулығыңыз мықты, көңіліңіз шат болсын!
Ұстазға деген құрмет – мәңгілік!
Тұрғымбаева Рахима Елібекқызы 1955 жылы 13 сәуірде Шымкент қаласы Қайтпас-2 елді мекенінде дүниеге келген.1974 ж педучилищені қызыл дипломмен бітірген соң, Шымкент пединститутына түсіп жоғары білім алды.
Рахима Елібекқызы 1974 алғашқы ұстаздық жолын Шымкент қаласы, Қайтпас-1 мөлтек ауданындағы №58 мектептен бастады.Содан бері жас ұрпақ тәрбиесінде өнегелі еңбек етті.
Ұстаздық қызметіндегі зор жетістіктері үшін 1975 жылы «Жыл үздігі» медалімен 1984 жылы Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
1989 жылдан бастап Отырар ауданы,Шәуілдір ауылындағы Ш.Қалдаяқов,одан Жамбыл орта мектептерінде ұстаздық жолын жалғастырып,сондай-ақ бірнеше рет аудан әкімі,облыстық,аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Тұрғымбаева Рахима Елібекқызы 1989 жылдан бүгінгі күнге дейін бастауыш сынып мұғалімі және Әлеуметтік педагог қызметін үлкен абыроймен атқарды.
Айтулы азамат Сейдімхан Сапақбайұлы екеуі 2 ұл,5 қыз тәрбиелеп өсірді.Зейнеткер, ардагер ардақты ата-әже ұл қыздарынан 30 немере,8 шөбере сүйіп,қызығына бөленіп отыр.