" РЕПРОДУКТИВТІ ЖҮЙЕ, ЖЕКЕ ГИГИЕНА ,ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ" денсаулық апталығы.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Түркістан облысы білім басқармасының 12.05.2025 жылғы №10-07-20/2944 хаты "Репродуктивті денсаулық" апталығының іс-шаралар жоспары негізінде "Жасөспірім және денсаулық", Репродуктивті жүйе, жеке гигиена, ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыптарында 8-11 сынып оқушылар арасында арнайы дәрігер мамандардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Сарсенбаев Абзал жынысты жұқпалы аурулар туралы,Әмірханқызы Әсел Адам папилома вирусы АПВ туралы, Конакбаева Лаззат қыздардың тәрбиесі ерте жыныстық жетілу туралы арнайы дәрігер мамандар жасөспірім оқушы қыздарға аталған тақырыптарға байланысты алдын алу, түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.“Репродуктивті денсаулық” апталығы барысында 8-11 сынып оқушыларымен мектеп дәрігері Роза Алтайқызы “Жасөспірім және денсаулық сабағы” тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Оқушыларға бейнебаяндар көрсетіліп,кездесу соңында сұрақ-жауап түрінде кері байланыс жүргізілді.
#Түркістаноблысы_білім_басқармасы
#психология_отырар_әдістемелікорталық
#Отырар_аудандық_әдістемелік_орталығы
https://www.facebook.com/share/p/1AWZF3L9gD/