Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Поэзияның мәңгілік шамшырағы – Мұқағали Мақатаев

Поэзияның мәңгілік шамшырағы – Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев – қазақ жырының биік шыңы, халық жүрегінен орын алған мәңгілік шамшырақ. Оның өлеңдері шынайылығымен, терең сезімімен, сыршылдығымен ерекшеленеді. Ақын жырлары әр оқырманның жан дүниесін баурап, жүректерге жарық сыйлайды.

Ол – қара өлеңнің хантәңірі, қазақ руханиятының мұзбалағы. Өмірдің ащысы мен тұщысын, сағынышы мен мұңын, туған жерге, анаға, махаббатқа деген кіршіксіз сезімін өлең жолдарына өрнектеді. Мұқағали жырлары – мәңгі өлмейтін мұра, болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар беретін асыл қазына.

Бүгінгі сынып сағаттары 5-7 сыныптарда жалғасын тапты. Ақынның шығармашылығына құрметпен қарап, оның терең мағынасын ашу - оқушылар үшін басты мақсат болуы тиіс.

“Өлмейтін ақын болса, ол – Мұқағали!” 5 сынып оқушыларымен "Поэзия кешін" ұйымдастырған сынып жетекшілері Л.Өксікбаева,А.Сапарбаева,Ж.Төлегенова,К.Еркінова әріптестерімізге алғыс білдіреміз. #БіртұтасТәрбие #МұқағалиМақатаев #ПоэзияШамшырағы #МәңгілікАқын #ЖырАлыбы #ҚазақПоэзиясы #РуханиҚазына #ӨлеңӨмір

https://www.facebook.com/share/p/161wCBeoZC/