ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ
Әскери далалық оқу жаттығу далалық жиынын өткізу туралы ҚР 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV ҚРЗ «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі «Бастапқы әскери жайындық қағидасы» №347 бұйрығына Түркістан облысының білім басқармасының 2023 жылдың 01 сәуірдегі №34 бұйрығы, бірлескен бұйрықта талаптарды орындау және жасөспірімдердің Алғашқы әскери дайындығы пәнін оқыту процесінде алған білімі мен дағдысын орнықтыру мақсатында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде оқу дала жиыны салтанатты түрде бастау алды.2025 жылдың 12.05-16.05 күндері аралығында өтілетін әскери дала жиынға 10 сынып оқушылары жіберілді.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру мен ел қорғауға әрдайым физикалық тұрғыда дайын болуға үйрету. Жасөспірімдер оқу дала жиынын өткізуге арналған әскери құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Оқу дала жиыны ашылу салтанатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметов Медетбек Лесбекұлы «Қазақстандық патриотизм» ұғымының өзі санамызға дербестігімізді, тәуелсіздігмізді ұғындырып, Қазақстанды қорғау – баршамыздың қасиетті парызымыз екендігін"- айтып өтті. Сонымен бірге арнайы бекітілген взвод командирлеріне жауапты міндет жүктелгенін, абыроймен алып шығу қажеттігі айтылды.
5 күндік оқу-дала жаттығу жиыны 12-16 мамыр аралығында жалғасады. Онда АӘД пәнінің ұйымдастырушы- оқытушысы Төлімбетов Шоқан Бақытұлы әскери өнердің қыр-сырына үйретіп, 5 күн бойы әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен таныстырып, ұрыс әдістерін үйретеді.
Оқу-далалық жиынының жоспарына сәйкес 10 сынып ер балаларына оқу жаттығу жиынында "Тактикалық дайындық", "Атыс дайындығы", "ҚРҚК-нің жарғылары", "Саптық дайындық", "Әскери топография" тақырыптарында сабақтар өтілсе, қыз балалары медициналық практикалық сабақтарға қатысады.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Биік рухпен, сергек көңілмен, ұйымшылдықпен өткен әрбір күн — үлкен ЖЕҢІСКЕ апарар жолдың басы!