Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ӨНЕР-БІЛІМ КӨКЖИЕГІН БАҒЫНДЫРҒАН ШӘКІРТТЕР — МЕКТЕП - ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШТАРЫ!

ӨНЕР-БІЛІМ КӨКЖИЕГІН БАҒЫНДЫРҒАН ШӘКІРТТЕР — МЕКТЕП - ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШТАРЫ!

💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде дарынды оқушылар көп. Солардың ішінде 4 "Б" сынып оқушылары Сәбит Дінмұхаммед пен Баянбай Барысхан Нұрболұлы ерекше жетістіктерімен көзге түсуде. Жақында Дінмұхаммед шәкіртіміз Шымкент қаласында өткен дзюдо еркін күресінен жүлделі 3 орынды иемденді. Барысхан болса күй тарту жанры бойынша Ташкент қаласында өткен байқауда өнерлерін жоғары деңгейде дәлелдеп, Гран при марапатына ие болды.Қырғыстан Республикасының "Ыстықкөл"демалыс аймағында өтетін халықаралық байқауға жолдама алды.4 "Б" сыныбының жетекшісі Маханова Назира Қалдарқызының мақтаныштары шәкірттері жеңістерімен қуантуда.

Бұл жеңіс – олардың талмай ізденуінің, ұстаздарының қажырлы еңбегінің және ата-аналарының қолдауының жемісі.

Мектебіміздің талантты оқушылары тек республикалық емес, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі жарыстарда да биік белестерді бағындырады.. Олардың жетістіктері жас ұрпаққа үлгі болып, мектеп-лицей абыройын асқақтатады деп сенім білдіреміз.

https://www.facebook.com/share/p/18xtuowdea/