Наурыздағы қос қуаныш
22 Наурыз – жыл басы ретінде қазақ халқының ең маңызды мерекелерінің бірі. Отырар ауданы Жамбыл атындағы мектеп-лицейі үшін бұл мереке ерекше салтанатпен аталып өтті. Орталық алаңда оқушылар мен мұғалімдер Наурыздың мәні мен маңызы туралы түрлі шығармашылық жұмыстар мен шаралар ұйымдастырып, ұлттық дәстүрлерді насихаттады.
Мереке барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп, ән мен би өнерін көрсетті. Наурыз көже әзірлеу дәстүрі де ұмытылмай, оқушылардың арасында түрлі дәмді тағамдар дайындалып, бірге татуға шақырды. Сонымен қатар, халқымыздың салт-дәстүрлерінен сахналық көрініс көрсетіліп, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді.
Бұл күні орталық алаңда аудан мектептері арасында достық, ынтымақ және жаңа бастамаларға деген үміт пен сенім сезімдері орнады. Ұстаздар мен оқушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап келе жатқан дәстүрлерін құрметтеп, бір-біріне жақсы тілектерін арнап, жылы сөздер айтты. Мереке өз деңгейінде өтті және барлығына ұмытылмас әсерлі сәттер сыйлады.Биылғы жылдың басты жаңалығы ретінде мектеп-лицейіміз "Жылдың ең үздік мектебі"номинациясы салтанатты түрде мектеп басшысы Қадиша Әуесқызына табысталды.Ең қуаныштысы "Жылдың ең үздік мұғалімі" номинациясын да әріптесіміз Қалима Әбжаппарқызы иеленді.Ұлық мерекеде қос қуанышымыз қатар келіп,мектеп-лицей ұжымы тарихи сәттердің куәсі болды.Барша ұжымды қос қуанышпен құттықтаймыз!Әрқашан мерейлеріңіз үстем болып,білімді де ізденімпаз шәкірттеріміз көбейе берсін!