«НАШАҚОРЛЫҚ ҒАСЫР ДЕРТІ, ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ» ![]()
![]()
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде ағымдағы жылдың 18 қарашасы күні сағат 10:00-де есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Дәріханалық нашақорлық» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмысы өтті.Аудандық емхананың психолог маманы Тәжиева Динара Маратқызы мен мектеп дәрігері Жезтай Роза Алтайқызы қатысқан жиын барысында:
Нашақорлық – бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе. Сол себепті іс-шара барысында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу жайлы түсіндірілді.
Балаларды темекі, есірткі сияқты зиянды әрекеттерден сақтандыру, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу басты мақсат болды.
«Өмірің жарқын, болашағың нұрлы болсын десең – денсаулығыңды сақта, балақай!» деген оймен шараны қорытындыладық.





