Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

"Нағыз ер азамат қандай болу керек?"

📌 Жиналыс: "Нағыз ер азамат қандай болу керек?"

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлдар кеңесінің ұйымдастыруымен "Нағыз ер азамат қандай болу керек?" тақырыбында кеңес отырысы өтті.

👦 Кеңес жұмысына мектептің жоғары сынып ұлдары қатысып, ер азаматқа тән асыл қасиеттер – жауапкершілік, намыс, адалдық, еңбекқорлық, отбасына, Отанға деген сүйіспеншілік жайында пікір алмасты.

болу керек?” тақырыбында “Жігер” ұлдар ұйымының жиналысы болып өтті.

💪 Жауапкершілікке тәрбиелеу:

Отбасы мен мектеп алдындағы борышын сезіну, өз әрекетіне жауап бере білу.

🤝 Құрмет пен мәдениеттілікке баулу:

Қыз балаларға, мұғалімдерге және үлкендерге құрметпен қарауға үйрету.

🧍‍♂️ Ер азаматтық қасиеттерді қалыптастыру:

Батылдық, намыс, қайсарлық, еңбекқорлық, адалдық сияқты қасиеттерді дамыту.

⚖️ Құқықтық және тәртіптік мәдениетті нығайту:

Мектеп ережелерін сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу.

🌍 Патриоттық сана қалыптастыру:

Елін, жерін сүйетін, қоғамға пайдалы азамат болуға бағыттау.

Жиын барысында оқушыларға тақырыпқа сай видеолар көрсетіліп, баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, оқушыларға “Желідегі қауіпсіздік” челленджі аясында интернет қауіпсізідігі мен алаяқтық туралы видеороликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🗣 Ұлдар кеңесінің төрағасы жастардың тұлғалық қалыптасуында тәртіп пен өнегенің маңызын атап өтіп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

✨ Болашақтың тірегі – білімді де, парасатты, ұлтжанды азаматтар!

#ҰлдарКеңесі

#НағызЕрАзамат

#АдалАзамат

https://www.facebook.com/share/p/1CKP2oMrc4/