Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы дүниеден өткен. Шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.

13 ақпан күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың 94 жылдығына арналған “Поэзия! Менімен егіз бе едің?” атты поэзия кеші өтті. Кешке мектеп оқушылары белсене атсалысып, М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның өлеңдеріне жазылған әндер шарқалып, ақынның “Аққулар ұйықтағанда” поэмасынан сахналық көрініс көрсетілді. Поэзия кеші оқырмандарға, көрерменге керемет әсер етті деп ойлаймыз. Ақынның шығармашылығын дәріптеу әлі де жүзеге аса бермек.

https://www.facebook.com/share/p/1ADddVGVBm/