Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ – 95 ЖЫЛ

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ – 95 ЖЫЛ⚜️

🔰Жамбыл атындағы мектеп-лицейі кітапханашылары мен

8 "А" сынып оқушыларының (Сынып жетекшісі Төлбасиева Асия Жанәбілқызы) ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының ақиығы, сыршыл ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған оқу сағаты өткізілді.

📚Оқу сағаты барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасап, жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқыды.

📌Шараның басты мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, поэзия арқылы рухани тәрбие беру, Мұқағали мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Оқушылар ақын өлеңдерінен алған әсерлерімен бөлісіп, терең ойға қалды.

🏵️Мұқағали жырлары – мәңгілік, ал оның өлеңдері ұрпақ санасында әрдайым жаңғыра бермек.

https://www.facebook.com/share/v/18PPNoWEBK/